Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBO) орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын бір жылға спорттан шеттетті, деп жазады Sportbugin.kz.
WBO-ның мұндай шешім қабылдауына қазақ боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдонийдің табылуы себеп болды.
2025 жылдың 6 желтоқсанында өтуі тиіс Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланда Лара арасындағы жекпе-жек допинг дауынан кейін тоқтатылған еді.
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының президенті Густаво Оливьеридің айтуынша, Әлімханұлы барлық бокс кездесулерінен бір жылға шеттетілді. Бұл шешім 2025 жылдың 2 желтоқсанынан бастап күшіне енген.
Десе де, боксшы өзінің осы тұжырымдағы чемпиондық атағын сақтап қалды.
Айта кетелік, мельдоний 2016 жылдан бері тыйым салынған препараттар тізімінде.
