97kg FS - Rizabek Aitmukhan (KAZ)
Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан күрестен рейтингілік турнирде Ризабек Айтмұхан қола жүлдегер атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
97 келіге дейінгі салмақтағы кіші финалда Ризабек үнділік балуан Кумарды 10:0 есебімен жеңді. Осылайша, ол өз салмағындағы мықтылар қатарына еніп отыр.
Бұл бәсекеде ресейлік аңыз балуан Абдулрашид Садулаев топ жарды. Күмісті оның отандасы Мұхаммед Ханиев иеленсе, қоланы Ризабек Айтмұхан мен америкалық чемпион Кайл Снайдер иеленді.
Сондай-ақ, 92 келіде Азамат Дәулетбеков қола жүлдегер атанды. Ол үшінші орын үшін күресте өз командаласы Камиль Куруглиевтен басым түсті.
Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері — Данияр Қайсанов.
