50kg WW - Zeinep Bayanova (KAZ)
Күрестен Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан рейтингілік турнирде Қазақстан әйелдер командасы 2 алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
50 келі салмақта финалға шыққан Зейнеп Баянова үнділік қарсыласын 13:2 есебімен тізе бүктірді.
Ал 55 келідегі ақтық сында Лаура Алмағанбетова украиналық Лилия Маранчикен 3:2 есебімен басым түсті.
Осылайша, жаңадан сайланған бас бапкер Нұрсұлтан Теміровтің алғашқы жарысы сәтті өтіп жатыр. Бұған дейін Қазақстан әйелдер командасының әлемдік жарыстарда алтынға қол жеткізе алмай жүрді.
