Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Мейіржан Шермаханбет Албаниядағы рейтингілік турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
67 келі салмақта сынға түскен Мейіржан Шермаханбет финалда грузиялық Диего Чхиквадзені 5:1 есебімен жеңді.
Турнир барысында Мейіржан Эквадор, Әзербайжан және Грузия балуандарынан басым түскен.
Сонымен қатар, 63 келіде белдескен Ернұр Фидахметов рейтингілік турнирдің қола жүлдесін жеңіп алды.
