
Алматылық балуандар ел чемпионатында көш бастады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Тараз қаласында 10 күнге созылған еркін күрестен U23 Қазақстан чемпионатының жалпыкомандалық есебінде Алматы қаласының құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медальмен бірінші орынға шықты.
Үздік үштікке енген спортшылар халықаралық жарыстарда ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.
Сондай-ақ U23 санатында чемпион атанған балуандарға 500 мың теңге, күміс жүлдегерлерге 300 мың теңге, ал қола медаль иегерлеріне 150 мың теңге көлемінде сыйақы қарастырылған.
Айта кетейік, Kazakhstan Wrestling Federation жарыстың жалпы жүлде қорына 41 миллион теңге бөлді.
