
Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой бокстағы WBA Asia титулы үшін жекпе-жегі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Сәкен Бибосыновтың қатысуымен өтетін жекпе-жек бастапқыда 17 сәуір күні Бішкек қаласында ұйымдастырылуы тиіс болған. Сәкен Бибосыновтың қарсыласы ретінде индонезиялық Сурия Дхарма белгіленген. Жапониялық Saikou Lush промоушені жоспарланған күні бокс кешін өткізу мүмкін емес екенін мәлімдеді. Бұған Таяу Шығыстағы жағдайдың күрделенуі және соның салдарынан әуе рейстеріне енгізілген шектеулер себеп болған.
Соңғы мәліметтер бойынша, бокс кеші енді мамыр айының соңына 22-24 мамыр күндеріне жоспарланып отыр.
Айта кетейік, боксшының өзі де бұл ақпаратты растап, жекпе-жектің бір айға шегерілгенін ресми түрде хабарлады.
