
Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы табысты өнер көрсетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Ат снарядындағы жаттығуда отандастарымыз екі бірдей жүлдеге қол жеткізді. Зейнолла Ыдырысов финалда 14,600 ұпай жинап, күміс жүлдені еншіледі. Ал Нариман Курбанов 14,000 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, бұл — Зейнолла Ыдырысовтың Әлем кубогы кезеңдеріндегі қатарынан екінші күмісі.
