
Өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаров үміткерлер турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, чемпион атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
20 жастағы шахматшы 13-тур қорытындысы бойынша 9,5 ұпай жинап, қарсыластарынан оқ бойы озық шықты. Енді ол соңғы турда қазіргі әлем чемпионы Гукеш Доммараджумен кездеседі.
Айта кетейік, қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева осы турнирдің 13-туры аясында басты қарсыластарының бірі Анна Музычукты жеңіп, жүлдеге таласын жалғастырып келеді.
Турнир тағдыры 15 сәуірде өтетін соңғы турда шешіледі.
