
Жеңіл атлетика әлемінде сенсациялық нәтиже тіркелді. Австралиялық 18 жастағы спринтер Гоут Гоут U20 санатындағы жарыста 200 метр қашықтықта тарихи көрсеткішке қол жеткізді, деп жазады Sportbugin.kz.
Ол финалда 19,67 секунд нәтижесін көрсетіп, 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы рекордты жаңартты.
Айта кетейік, бұл көрсеткіш 2004 жылы Усейн Болт тарапынан тіркелген еді. Атақты ямайкалық желаяқ сол кезде 200 метрді 19,93 секундта жүгіріп өткен болатын. Бұл рекорд 22 жыл бойы өзгеріссіз сақталған.
Қазіргі таңда Гоут Гоутты сыртқы келбеті мен қарқынына байланысты «Болттың мұрагері» деп атап жүр.
Сарапшылардың пікірінше, Гоут Гоут алдағы уақытта әлемдік деңгейдегі басты жұлдыздардың біріне айналуы мүмкін.
