
Қырғызстанның танымал балуаны, Олимпиада жүлдегері Жоламан Шаршенбеков стипендиядан айырылды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бұл туралы тағы бір Олимпиада жүлдегері Мейірім Жұманазарова Exclusive.kg подкастында мәлімдеді.
Оның айтуынша, спорт саласына жауапты басшылар Олимпиада жүлдегерлеріне берілетін мемлекеттік стипендия мерзімін 4 жылдан 1 жылға дейін қысқарту туралы шешім қабылдаған. Соның салдарынан Шаршенбеков қаржылық қолдаусыз қалған.
Қазіргі таңда Жоламан Шаршенбеков жарақаттан кейінгі қалпына келу кезеңінен өтуде. Спортшыға ем-дом, дәрумендер мен мамандар қызметі қажет екені айтылды.
Сонымен қатар, Мээрим Жұманазарова өзінің шамамен 30 мың сом көлемінде, ал Айпері Медетқызы 50 мың сомға жуық стипендия алатынын жеткізді.
