
Айым Серікбаева — таеквондодан жастар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстандық таеквондошы Айым Серікбаева (-44 кг) жастар арасында Әлем чемпионы атанды. Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында ол Понсе Нуньес Дара Ширлиді (Мексика) 2:0 есебімен жеңді.
Осылайша, араға 20 жыл салып Айым Серікбаева Қазақстанға жастар арасындағы Әлем чемпионатының алтын медалін сыйлады. Бұған дейін таеквондодан Қазақстан жастар құрамасы соңғы рет алтын медалді 2006 жылы жеңіп алған.
Сонымен қатар, жас таеквондошы Айым Серікбаеваның Азия чемпионы және жастар Азия ойындарының жеңімпазы атағына Әлем чемпионы титулы қосылды.
Ташкентте таеквондодан (WT) жастар арасында Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұған дейін ел қоржынында Ерасыл Ерзат пен Ислам Медетбай жеңіп алған қос қола жүлде болды.
Әлем біріншілігі 17 сәуірге дейін жалғасады.
