Жәнібек Әлімханұлы — WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. 2025 жылдың желтоқсанында допинг дауына ілікті. Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жек алдында Әлімханұлының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты табылды.
Дулат Бекбауов — әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Бекбауов бір жыл ішінде допинг-офицерлеріне өзінің орналасқан жері туралы мәліметті үш рет ұсынбаған. Бұл антидопинг ережелерін бұзу болып саналады. Спортшы әуесқой бокстан 2жылға шеттетілді.
Абзал Серік — Қазақстанның үш дүркін чемпионы, жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы. 2023 жылы спортшының сынамасынан метастерон атты тыйым салынған зат табылған. 3 жылға барлық жарыстардан шеттетілген.
Саматәлі Төлтаев — 2022 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері, 2020 жылғы Қазақстан чемпионы. Боксшының қанынан оралтуринабол (анаболикалық стероид) табылды. Спорттан 3 жылға шеттетілген.
Дамир Тойбай — Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жүлдегері, жастар арасындағы Азия чемпионы. Спортшы өзінің тұрғылықты мекенжайы туралы ақпаратты уақытылы бермеген. Бұл антидопинг ережелерін бұзу болып саналады. Жарыстардан 2 жылға шеттетілген
