Душанбеде дзюдодан өтіп жатқан «Үлкен дулыға» турнирінде қазақстандық Данил Крылов ширек финалға шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз өзбекстандық дзюдошы Умар Бозоровты «ваззари» ұпайымен жеңіп, келесі айналымға жолдама алды.
Крыловтың ширек финалдағы қарсыласы — ресейлік Мансур Лорсанов.
Айта кетелік, бүгін дзюдодан Душанбедегі Grand Slam додасы аяқталады. Әзірге, Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар.
