Қазақстандық боксшы жекпе-жектің алғашқы минуттарында қарсыласын нокаутқа жіберді. Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде Қазақстан кәсіби бокс федерациясының ұйымдастыруымен халықаралық турнир өтті, деп жазады Sportbugin.kz.
Кештің ең жарқын жекпе-жектерінің бірі Қарағанды қаласындағы Б.Бейсенов атындағы ІІМ академиясының курсанты, ҚР спорт шебері Бауыржан Әли мен тәжікстандық спортшы Раджабой Ахмедов арасында өтті.
Төрт раундқа жоспарланған жекпе-жек уақытынан ерте аяқталды. Бірінші раундтың 57-секундында қазақстандық боксшы қарсыласына дәл әрі қуатты соққылар сериясын жасап, оны техникалық нокаутқа түсірді. Төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.
