Қазақстандық шорт-тректің негізін қалаушы, дарынды жаттықтырушы және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдеш Қарсыбеков әлеуметтік желіде бапкерлік жылдарындағы естеліктерімен бөлісті, деп жазады Sportbugin.kz.
«Мен Оралдағы мұз айдынының киім ауыстыратын бөлмесіндегі осы орындықта 2002 жылдың төрт айын (мамыр, маусым, шілде, тамыз) өткіздім. Ай сайын 12 000 теңге алып, соның өзінде қазіргі Қазақстан құрамасын жасақтай алдым», -деп жазды бұрынғы бапкер.
Айта кетейік, Мәдеш Әбдіғалиұлы 2006 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан шорт-трек құрамасының бас бапкері болды. Оның мектебінен бүгінде әлемдік аренада топ жарып жүрген Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев және Әділ Ғалиахметов сияқты мықты спортшылар шықты. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Әлем кубогы кезеңдерінде алғаш рет алтын және күміс жүлделерге ие болып, Олимпиада ойындарында үздік бестікке (4-орын) енді.
