Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингтің үздік үштігінен шығып қалды, деп жазады Sportbugin.kz.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған әлемдік рейтингіне сәйкес, Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова үздік бестік қатарында. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әбужақынова 3898 ұпаймен бесінші орында тұр.
IJF рейтингінің 48 келіге дейінгі салмақтағы ТОП-5 тізімі:
1. Хуэй Синьран (Қытай) — 4985 ұпай
2. Ширин Букли (Франция) — 4690 ұпай
3. Сабина Гилязова (Ресей) — 4603 ұпай
4. Лаура Мартинес Абеленда (Испания) — 4175 ұпай
5. Әбиба Әбужақынова (Қазақстан) — 3898 ұпай
2025 жылғы 20 қыркүйекте қазақстандық спортшы өз салмақ дәрежесінде IJF рейтингінде бірінші орынға көтеріліп, 2025 жылдың соңына дейін көш бастап тұрды. 2025 жылғы 24 желтоқсанда ол 5096 ұпаймен рейтингтің көшін бастаған еді.
Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова биылғы маусымда бірқатар халықаралық турнирлерге жарақатына байланысты қатыспады. Бұл туралы спортшының өзі мәлімдеген. Сонымен қатар, биыл спортшы жеке өмірінде де маңызды қадам жасап, күйеуге шыққан болатын.
