Қос қазақ дзюдошысы арасындағы жартылай финалдық белдесу Жалғас Қайролланың жеңісімен аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
81 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда татамиге Жалғас Қайролла мен Досжан Жолжақсынов шықты.
Кездесу барысында Қайролла Жолжақсыновты 20 секунд бойы босатпай ұстап, иппон ұпайымен таза жеңіске жетті. Осылайша финалға сенімді түрде жолдама алды.
Енді Жалғас Қайролланың финалда қарсыласы молдовалық Петру Пеливан болады.
Айта кетейік, Жалғас пен Досжан турнир барысында фаворит саналған қарсыластарын жарыс жолынан шығарып, өз салмақтарындағы басты сенсация авторларының біріне айналды.
