Марат Байқамұров Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
100 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалда молдовалық Гимбовчи Вадимнен басым түсті.
Осылайша, Байқамұров Қазақстан құрамасына өз жерімізде өтіп жатқан Grand Slam турниріндегі екінші алтын жүлдені сыйлады.
Айта кетейік, Марат жарыс барысында Қырғызстан, Польша және Нидерланд спортшыларынан басым түсті.
