Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан таеквондодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшысы Самирхон Абабакиров жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан отандасымыз ширек финалда индонезиялық Мұхаммед Бассам Райханды жеңді. Енді Самирхон Абабакиров финалға шығу үшін Иран спортшысымен кездеседі.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында үш қола медаль бар. Бұған дейін Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін) және Назым Махмұтова (73 келіге дейін) жүлдегер атанған болатын.
