Қырғызстандық танымал балуан Жоламан Шаршенбеков Моңғолияда өтетін халықаралық турнирге қатысады, деп жазады Sportbugin.kz.
Шаршенбеков 4-7 маусым аралығында Ұлан-Батыр қаласында өтетін Ulaanbaatar Open 2026 рейтингтік турнирінің қатысушылар тізіміне енді. Ол 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайды.Бұл турнир қырғызстандық балуан үшін 10 ай үзілістен кейінгі алғашқы жарыс болмақ.
Айта кетейік, 2025 жылдың маусым айында Жоламан Шаршенбеков Польшадағы турнирде 63 келіге дейінгі салмақта топ жарып, алтын медаль жеңіп алған еді.
