Ризабек Айтмұхан United World Wrestling ұйымының нұсқасы бойынша мамыр айының үздік балуаны атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Ризабек мамыр айында Вьетнамның Дананг қаласында өткен U23 Азия чемпионатында 125 келі салмақтағы барлық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, құрлық біріншілігінің алтын медалін иеленді. Осылайша, Азия чемпионатындағы кезекті чемпиондық атағына қол жеткізді.
Айта кетейік, Айтмұхан мамыр айын өте сәтті өткізді. Ол Алматыда өткен Қазақстан кубогында да топ жарып, 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Финалда қарсыласын 10:0 есебімен айқын басымдықпен ұтқан болатын.
