Кәсіби боксшы әрі спорт сарапшысы Айдар Шәрібаев Әлем кубогындағы Тимур Қабдешовтың жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Сарапшының айтуынша, қазақстандық боксшыға халықаралық жарыстардағы тәжірибенің аздығы әсер еткен.
«Баланың халықаралық ареналарда тәжірибесі аздау болып тұрған сияқты.
Өзі атылып кетті. Жауапкершілік басып кетті ғой. Біздің боксшылардың минусы жауапкершіліктің жоқтығы емес. Керісінше, жауапкершіліктің шамадан тыс көптігі. Нәтижеге жауапкершілік алуға болмайды. Ол да кедергі болады», — деді Шәрібаев.
Айта кетейік, Тимур Қабдешов Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогының алғашқы айналымында Бразилия өкіліне есе жіберіп, жарысты ерте аяқтаған болатын.
