Қазақстан бокс федерациясында кадрлық өзгеріс болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Федерацияның бұрынғы бас хатшысы Мерей Ақшалов қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалды. Ол бұл лауазымда отандық бокстың насихаты, PR және медиа бағытына жауап береді.
Ал оның орнына Самат Адхам келді. Бұған дейін ол Қарағанды облысы бокс федерациясының атқарушы директоры және Қазақстанның U15, U17 құрамаларының үйлестірушісі қызметтерін атқарған.
Әзірге федерация бұл ауыс-түйістің нақты себебін жариялаған жоқ.
