26-28 маусым күндері Қытайдың Циндао қаласында дзюдоданГран-при кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Аталған турнирде Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов өнер көрсетеді деп күтілуде.
Бұл оның соңғы екі жылдағы алғашқы халықаралық жарысы болмақ.
Жеребе қорытындысы бойынша, Елдос Сметов алғашқы белдесуін Қытай өкілі Сунь Цзяхаоға қарсы өткізеді.
Қазақстан құрамасының Циндаодағы Гран-при турниріне қатысатын құрамы төмендегідей:
Ерлер:
60 келіге дейін: Елдос Сметов, Талғат Орынбасар;
66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев;
73 келіге дейін: Бақытжан Абдурахманов, Ерсұлтан Дүйсенхан;
81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат;
90 келіге дейін: Айдар Арапов, Даниил Крылов;
100 келіге дейін: Асқар Біржанов, Бақжан Байтас.
Әйелдер:
48 келіге дейін: Абиба Әбужақынова;
57 келіге дейін: Бақыт Құсақбаева;
70 келіге дейін: Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова;
78 келіге дейін: Аруна Жангелдина, Екатерина Токарева;
78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова, Назгүл Маратова.
Айта кетейік, Циндаодағы Гран-при турнирі жаңа олимпиадалық цикл аясындағы маңызды рейтингтік жарыстардың бірі саналады.
