Футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалындағы Португалия мен Хорватия арасындағы кездесу жанкүйерлер арасында қызу талқыға түсті, деп жазады Sportbugin.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан кейін жанкүйерлер Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду пенальти орындау алдында «Бисмиллях» деген сөзді айтқан болуы мүмкін деген болжам жасады.
Алайда футболшының нақты не айтқаны анық естілмейді және бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.
Айта кетейік, Роналду пенальтиден мүлт кетпей, есепті теңестірді. Кейін Португалия құрамасы Хорватияны 2:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының келесі кезеңіне өтті.
