Нұрзат Оңғаров Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жарыс жолын аяқтады, деп жазады Sportbugin.kz.
23 жасқа дейінгі (U23) санатында 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрзат жартылай финал жолдамасы үшін жапониялық Дайчи Иваимен қолғап түйістірді.
Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 3:2 есебімен жапон боксшысына берді.
Осылайша, Дайчи Иваи жартылай финалға шығып, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етсе, Нұрзат Оңғаров Азия чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады.
Айта кетейік, Дайчи Иваи биыл Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.
