Қазақстанда спортшылардың мүддесін қорғауға және отандық спортты дамытуға бағытталған «Спортшылар кеңесі» құрылды, деп жазады Sportbugin.kz.
Кеңес құрамына Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары, қазіргі спортшылар және спорт саласының ардагерлері енді.
Жаңа кеңес спортшылар, мемлекеттік органдар, спорт федерациялары мен сарапшылар арасындағы байланысты күшейтіп, саладағы өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Бастаманың басты мақсаты — спортшылардың шешім қабылдау үдерісіндегі рөлін арттырып, қазақстандық спорттың дамуына үлес қосу.
