28 тамызда Астанада IBA Nomad турнирі өтеді. Турнирге танымал боксшылар мен ММА жауынгерлері қатысады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Nomad Fighting лигасы алдағы турнирде Қазақстан атынан Сәкен Бибосынов, Санжар Тәшкенбай, Алмаз Нұрғали және Жалғас Жұмағұлов өнер көрсететінін жариялады. Олардың қарсыластары кейінірек белгілі болады.
Жекпе-жектер кәсіпқой бокс және ММА қолғаптарындағы бокс ережесі бойынша өтеді.
Айта кетейік, турнир 27 тамызда атап өтілетін Халықаралық бокс күніне орай ұйымдастырылады. Бұл күн 1974 жылы Кубаның Гавана қаласында бокстан тұңғыш әлем чемпионатының өтуіне байланысты Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) бастамасымен бекітілген.
