Спорт сарапшысы әрі боксшы Айдар Шәрібаев бокстан ұлттық құраманың АҚШ-та өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиынына қатысты пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Бір айға бүкіл құраманы шетелге апару — әуе билеті, қонақүй, тамақ, зал және көлік сияқты үлкен шығын. Ал бұл тәжірибе тұрақты жүйеге айналмайды.
Оның орнына әлемдік бокс тәжірибесін Қазақстанға әкелу керек. АҚШ, Куба және Мексикадан мықты боксшылар мен тәжірибелі кәсіпқой спортшыларды 6-12 айға шақыруға болады. Олар қазақстандық боксшылармен бірге жаттығып, әртүрлі бокс мектептерінің ерекшеліктерін үйретеді.
Сонда біз тәжірибе іздеп шетелге бармаймыз, тәжірибені Қазақстанға жинаймыз», — деп жазды Шәрібаев Instagram парақшасында.
Сарапшының пікірінше, Қазақстан құрамасының АҚШ-тағы бір айлық жиынына кем дегенде 500 мың доллар жұмсалуы мүмкін.
