Бакуде 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бес балуаны бозкілемге шықты. Олардың екеуі іріктеу кезеңінде жеңіліс тапты.
65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Мирас Махамбет ресейлік Шамиль Лабазановтан 1:5 есебімен ұтылды. 80 келіге дейінгі салмақтағы Әлихан Күшев литвалық Бенедиктас Бубелявичюстен 0:4 есебімен жеңілді.
Ал қалған үш қазақстандық балуан жарысты жалғастырып жатыр.
