Жас каратэшілер Қытайда өткен балалар арасындағы III Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте топ жарды, деп жазады Sportbugin.kz.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 13 алтын, 15 күміс және 9 қола медаль жеңіп алды.
22-26 шілде аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен каратэ додасына Азияның 10 елінен 400-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан намысын 57 спортшы қорғап, жарысты 37 медальмен аяқтады.
Сонымен қатар қазақстандық жас каратэшілер әлем және Азия чемпиондары, Олимпиада жүлдегерлері мен Азия ойындарының жеңімпаздары өткізген семинарға қатысты.
