Тәжікстан дзюдо федерациясы бірнеше спортшыны тәртіптік жазаға тартып, төрт айға жарыстардан шеттетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Олардың қатарында әлемдік деңгейде танымал дзюдошылар Сомон Махмадбеков, Темур Рахимов және Обид Джебов бар.
Мұндай шешім кәсіби тәртіпті бұзу, халықаралық жарыстарға, Жапонияда өтетін Азия ойындары мен Бакудегі әлем чемпионатына дайындық аясында ұйымдастырылған үш оқу-жаттығу жиынына қатыспауына байланысты қабылданды.
Федерация мәліметінше, бапкерлер штабы бірнеше мәрте шақырту жібергенімен, спортшылар мен олардың жеке жаттықтырушылары оқу-жаттығу жиындарына келмеген.
Осыған байланысты тәртіптік комиссия аталған спортшыларды төрт айға дисквалификациялап, осы мерзім ішінде республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу құқығынан айырды.
