Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысов қайтыс болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бұл туралы спортшының әпкесі Сора Рахмонова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Шавкат Рахмонов әзірге бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ. Спортшы соңғы рет 8 тамызда Пекинде өткен қазақстандық Naiza промоушенінің турниріне қатысып, көпшілік алдына шыққан.
