Зілтемірші Ерсейіт Бейбарыс Ташкентте өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
65 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ерсейіт Бейбарыс жұлқа көтеруде 129 келіні, серпе көтеруде 152 келіні бағындырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша отандасымыз 281 келі нәтиже көрсетті және осы көрсеткіш жаңа Азия рекорды ретінде тіркелді.
Ал жасөспірімдер арасындағы есепте қазақстандық зілтемірші қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, Ерсейіт Бейбарыс 2025 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған. Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алған.
