Қуат Хамитов Геннадий Головкинді сынап жатқандарға жауап берді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Геннадий Головкин елін әлемге таныту үшін жылдар бойы еңбек етті. Бүгінде ол маңызды шешімдер қабылдап отыр.
Себебі спорт саясаттан тыс болуы керек. Саясаткерлер кетеді, ал GGG есімі тарихта алтын әріптермен мәңгі қалады», — деп жазды Қуат Хамитов.
Айта кетейік, World boxing ұйымы ресей спортшыларына қойылған тыйымды алғаннан кейін Головкинге түрлі сындар айтвлды.
Бірақ ресейлік спортшыларға қойылған шектеулерді алып тастау тек боксқа қатысты шешім емес. Соңғы уақытта бірқатар спорт түрінен халықаралық федерациялар да Ресей мен Беларусь өкілдеріне қатысты шектеулерді қайта қарады.
Халықаралық гимнастика федерациясы 2026 жылғы 18 мамырда шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады.
Халықаралық күрес федерациясы 2026 жылғы 15 мамырда ресейлік және беларусьтік балуандарға қойылған барлық шектеуді толықтай алып тастады.
Халықаралық дзюдо федерациясы ресейлік спортшыларға өз туы, әнұраны және ұлттық белгілерімен жарысқа қатысуға мүмкіндік берді.
