Қазақстан құрамасы Пәкістанда өтіп жатқан таеквондодан Президент кубогінде үшінші медаліне қол жеткізді, деп жазады Sportbugin.kz.
Ерлер арасында 63 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Азим Ниязов жарыстың қола жүлдегері атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш қола медаль бар. Бұған дейін 49 келіге дейінгі салмақта Нұрай Бауыржанова мен Рита Бакишева жүлдеге ие болған еді.
Айта кетейік, халықаралық турнир 20 тамызда аяқталады.
