Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Словакияда өтетін Nepela Memorial халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жарыс 24-27 қыркүйек аралығында өтеді және мәнерлеп сырғанаудан 2026/27 жылғы ISU Challenger Series сериясының кезеңі саналады.
Шайдоров ерлер арасындағы жекелей сында бақ сынайды. Алдын ала тізімге 29 спортшы енген.
Бұл қазақстандық спортшы үшін 2026 жылғы Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен қысқы Олимпиада ойындарындағы жеңісінен кейінгі алғашқы халықаралық жарыс болмақ.
