Елена Рыбакина Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші америкалық Коко Гауффпен кездесті. Кездесу 3:6, 6:4, 6:4 есебімен Рыбакинаның жеңісімен аяқталды. Қазақстандық спортшы US Open турнирінде алғаш рет финалға жолдама алды.
Шешуші матчта Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды. Жартылай финалда Соболенко америкалық Джессика Пегуланы 7:5, 6:2 есебімен жеңді.
