Жапонияда өтетін Азия ойындарына гимнастикадан қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Құрлық додасында ел намысын қорғайтын гимнасттар тізімі:
Спорттық гимнастикадан ерлер арасында — Нариман Құрбанов, Милад Карими, Ильяс Азизов, Нұртан Ыдырысов, Дмитрий Патанин. Әйелдер — Дарья Ясинская, Амина Халимарден, Амели Мукушева, Радмилла Тарасова, Эвелина Ежова
Көркем гимнастикадан жекелей бағдарламада Ақмарал Ерекешева
мен Айбота Ертайқызы, ал топтық жаттығуларда Кристина Чепульская, Жасмин Жүнісбаева, Аида Хакимжанова, Мадина Мырзабай және Айзере Нұрмағамбетова өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Гимнастика бәсекелері спорттық гимнастикадан 22 қыркүйекте басталса, батуттағы гимнастика 27 қыркүйекте, көркем гимнастика 2 қазанда өтеді.
