Қазақстан каратэ федерациясы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Құрама тізіміне ерлер мен әйелдер арасында алты спортшы енді.
Ерлер:
55 келіге дейін — Жоламан Биғабыл;
67 келіге дейін — Олжас Алтынбек;
75 келіге дейін — Нұрқанат Әжікенов.
Әйелдер:
55 келіге дейін — Бэлла Самашева;
61 келіге дейін — Әсел Қанай
68 келіден жоғары – Софья Берульцева.
Айта кетейік, Аичи мен Нагоя қалаларында өтетін жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында ұйымдастырылады. Каратэден жарыстар 20-23 қыркүйек күндері өтеді.
