Жапонияда өтетін ХХ Жазғы Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын дзюдошы Елдос Сметов пен үстел теннисінің шебері Сарвиноз Миркадирова алып шығады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов көк байрақты алып шығу үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтты.
«Бүгін мен үшін тарихи күн. ХХ Жазғы Азия ойындарында көк туды ұстап шығу мәртебесі маған бұйырып тұр. Мұндай сәт менде бірінші рет. Себебі мұның артында елдің, мемлекеттің сенімі мен үлкен жауапкершілік бар. Осы ойында бар күшімді салуға уәде беремін», — деді Елдос Сметов.
Айта кетейік, Елдос Сметов — Париж Олимпиадасының чемпионы, Рио және Токио Олимпиадаларының жүлдегері, әлем чемпионы, Азия чемпионатының және Азия ойындарының чемпионы.
Ал Сарвиноз Миркадирова — үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі спортшыларының бірі. Ол халықаралық жарыстардың жүлдегері.
