Ақмарал Ерекешева Чехияда өтіп жатқан Grand Prix BRNO турнирінің көпсайысында күміс жүлдеге ие болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандасымыз көпсайыста төрт жаттығудың қорытындысы бойынша 116.500 ұпай жинап, үздік үштіктен көрінді.
Бұл — Ақмарал Ерекешеваның жеке рекорды. Бұған дейін спортшы Франкфуртте өткен әлем чемпионатында 115.800 ұпай жинаған болатын.
Көпсайыста Украина өкілі Таисия Онофрийчук 117.900 ұпаймен жеңімпаз атанса, Ақмарал Ерекешева 116.500 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Үздік үштікті 108.250 ұпай жинаған Польша гимнасшысы Лилиана Левинска түйіндеді.
Grand Prix BRNO жарысы 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Енді Ақмарал Ерекешева төрт бағдарлама бойынша жекелей сайыстың финалында өнер көрсетіп, жүлдеге таласады.
