Назым Қызайбай Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты, деп жазады Sportbugin.kz.
54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен үш дүркін әлем чемпионының қарсыласы Қытай өкілі Ксуан Жао болды.
Жекпе-жектің алғашқы раундында төрешілердің төртеуі 10:9 есебімен қытайлық боксшының басымдығын берді. Екінші раундта да Жао бірінші нөмірмен жұмыс істеп, белсенділік танытты. Назым қарсы шабуылға басымдық бергенімен, төрешілер үшінші раундта да Қытай өкілінің пайдасына шешім шығарды.
Нәтижесінде Ксуан Жао жекпе-жекті төрешілердің бөлінген шешімімен жеңді — 29:28, 30:27, 28:29, 30:27, 30:27.
Осылайша, Назым Қызайбай Азия ойындарындағы жарысын алғашқы жекпе-жектен кейін аяқтады.
Айта кетейік, Назым Қызайбай 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының ширек финалында моңғолиялық Оюнтсетсег Есугенмен кездесіп, жарысты аяқтаған болатын.
