Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында нысана көздеуден Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты, деп жазады Sportbugin.kz.
Ерлер арасында винтовкамен 50 метр қашықтықтан үш позицияда оқ атудан сынға түскен Ислам Сәтпаев қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық спортшы финалда 348,3 ұпай жинап, үшінші орыннан көрінді.
Алтын және күміс медальдарды Қытай құрамасының өкілдері еншіледі.
Айта кетейік, Ислам Сәтпаев — Париж Олимпиадасының қола жүлдегері. Ол 2024 жылғы Олимпиадада пневматикалық винтовкадан 10 метр қашықтықтағы аралас командалық сайыста жүлдеге ие болған.
