Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметші «Жас Батыр» спорт мектебінің тәрбиеленушісі болған, деп жазады Sportbugin.kz.
Аяпберген Сержан Талғатұлы — Маңғыстау облысындағы «Жас Батыр» спорт мектебінің тәрбиеленушісі болған.
Сержан жастайынан спортпен айналысып, самбо және дзюдодан Маңғыстау облысының намысын облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда қорғаған.
Ол — самбодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, студенттер арасындағы ТМД ойындарының самбодан күміс жүлдегері, дзюдодан халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы және спорт шеберлігіне кандидат атанған.
Аяпберген Сержан Талғатұлының мезгілсіз қазасына байланысты отбасына, туған-туыстарына, жақындарына, әріптестеріне және барша спорт қауымдастығына қайғырып көңіл айтамыз.
