Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында ел қоржыны тағы бір қола медальмен толықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Байдарка мен каноэде есуден әйелдер арасындағы 500 метрге жарыста Ольга Шмелева, Стэлла Суханова, Татьяна Токарницкая және Эвелина Костенко мәреге үшінші болып келіп, қола жүлдеге ие болды.
Осылайша, қазақстандық төрттік соңғы метрлерге дейін жүлде үшін таласып, мәреге жақын тұста қола медальді жеңіп алды.
