Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіл атлет Полина Иванова сырықпен секіруден қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
23 жастағы спортшы 4.15 метр нәтижесімен үшінші орынға ие болды. Иванова Үндістан өкілі Бараника Елангованмен бірдей нәтиже көрсеткен. Осыған байланысты жарыста екі қола медаль табысталды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
Алтын: Мисаки Морота (Жапония) — 4.55 м
Күміс: Ню Чуньгэ (Қытай) — 4.50 м
Қола: Полина Иванова (Қазақстан) — 4.15 м
Қола: Бараника Елангован (Үндістан) — 4.15 м
Қазақстандық тағы бір спортшы Анна Черкашина 4.00 метр нәтижесімен жетінші орын алды.
Айта кетейік, бұл — жеңіл атлетикадан Қазақстан қоржынына түскен үшінші жүлде. Бұған дейін спорттық жүрістен Кристина Морозова күміс медаль иеленсе, Алина Чистякова әйелдер арасындағы 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қола жүлдеге қол жеткізді.
