Спорттық жүрістен Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарының чемпионы атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Спорттық жүрістен 42,195 шақырым қашықтықты құрайтын марафонда Ясмина Тоқсанбаева топ жарды.
Отандасымыз жарыс барысында 3:22:20 уақыт көрсеткішімен үздік атанса, екінші және үшінші орын Қытай өкілдеріне бұйырды.
Айта кетейік, бұл Қазақстан қоржынына түскен тоғызыншы алтын жүлде. Ал жеңіл атлетикадан осы Азиадада отандастарымыз 1 күміс, 2 қола жүлде иеленген болатын.
