Жеңіл атлетикадан Вячеслав Земс пен Аделина Земс Азиаданың финалына жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
400 метр қашықтыққа кедергімен жүгіруде Аделина қатысып, 55.29 секунд уақыт көрсеткішімен 2-орынға тұрақтап, ақтық сынға өтті.
Дәл осы қашықтықтағы ерлер сайысында Вячеслав Земс те өнер көрсетіп, 50.47 уақытымен 8-орын алды.
Айта кетейік, санаулы уақыт бұрын жеңіл атлетикадан спорттық жүрістен марафондық қашыштықтағы сайыста Ясмина Тоқсанбаева чемпион атанған болатын.
