Әртістік жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасы Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан аралас командалар арасындағы сайыста 216,7961 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.
Қытай құрамасы 299,2117 ұпаймен топ жарды. Ал 286,2688 ұпай жинаған Жапония екінші орын алды.
Қазақстан құрамасы сапында Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Әйгерім Құрманғалиева, Карина Магрупова, Ксения Макарова, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова және Жаклин Якимова өнер көрсетті.
Фото: Владислав Семенов
